Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Біз әр медициналық қызметкерге жағдай жасауға ұмтыламыз – Премьер-Министр

Астанада өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференцияға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қатысып, дәрігерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жағдай туралы мәлімет берді.

24.10.2023
Саясат

«Тәуелсіздік алған кезден бастап саладағы өзгерістерді байқап отырмыз. Біз халық арасында салауатты өмір салтын ұстауға мән беріп келеміз. Әр өңірде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті енгіздік. Ауылды жердегі медициналық қызметті жаңарту көрсеткішін 56%-ға жеткіздік. Былтыр шалғай аудандарда арнайы орталықтар құрдық. Біз әрбір медициналық қызметкерге жағдай жасауға ұмтыламыз», — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр жыл сайын дәрігерлердің айлығы 30%-ға дейін, медициналық персоналдың айлығы 25%-ға дейін өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Біз әр азамат денсаулығы жөнінде қажетті ақпарат алу үшін электронды паспорт енгіздік. Кардио және нейрохирургиялық орталық сияқты жетекші технологияларды игердік. Келесі жылы протонды терапияға негізделген жаңа Ұлттық онкологиялық орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Біз қолда бар ақпаратымызды, білім мен ұсынымдарды бөлісуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.

Аталған конференция барысында ДДҰ басшысы Газа секторындағы жағдайға алаңдайтынын білдірді.

Тегтер: Әлихан Смайылов

Соңғы жаңалықтар

Ауылдан үлкен спортқа: Алматы облысында «Ауыл Sport – 2026» басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Қаныш Сәтбаев шыңында жарақат алған Франция азаматы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Қонаевта Қала күні қалай өтеді: мерекелік концерттің уақыты мен орны белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алатау қаласында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысы мен Қытай ынтымақтастықты жаңа бағыттарда дамытпақ

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz