Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Давид Дегтярев Азия параойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық парапауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия параойындарының чемпионы атанды.

23.10.2023
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы 54 келіге дейінгі салмақта үздік нәтиже (үш әрекеттен кейін 186 кг) көрсетіп, Азия рекордын орнатты.

Қытайлық Янь Цзиньлан (185), вьетнамдық Нгуен Бинь Ан (184) үшінші орыннан көрінді.

Парадзюдодан Токио паралимпиадасының күміс жүлдегері, 31 жастағы Атырау қаласының түлегі Әнуар Сариев J2 санаты бойынша 60 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Әнуар қола жүлде үшін бәсекеде Лондон паралимпиадасының күміс жүлдегері, қытайлық Сюй Чжаодан айласын асырды.

Ә.Сариев бұған дейін 2018 жылы Джакартадағы Азия пара ойындарында командалық бәсекеде қола жүлде алған еді.

Парадзюдодан батысқазақстандық спортшы Рустам Мәмбетқұлов J-1 санаты (екі көзі де толық көрмейтін спортшылар) бойынша 60 келіге дейінгі салмақта алғашқы белдесуде қытайлық Чжу Шивеньді қылғындыру әдісімен жеңді.

Екінші айналымда қырғыз Бексұлтан Абдуллахимуулын да ұтты. Индонезиялық палуан Джунна Эдиге есе жіберіп қойып, жұбаныш белдесуде өзбек палуаны Диорбек Майдоновты кеудеден асыра лақтырып, қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Үшінші орынға Иемен елінің палуаны Шуга Сами Али Навшанмен белдесіп, ұпай санымен ұтылып, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Тегтер: азия ойындары

Соңғы жаңалықтар

Көкжайлауда жоғалып кеткен шетелдік студент түнімен іздестірілді

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Жаңа Конституция: Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында 179-шы «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы бекеті ашылды

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz