Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

2025 жылға дейін колледж студенттерінің стипендиясы екі есе өседі

2025 жылға дейін колледж студенттерінің шәкіртақысы 2 есе өседі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

10.10.2023
Саясат

«Дамыған елдерде кадр даярлау жүйесіне, оның ішінде кәсіптік техникалық білім беру сапасын арттыруға басымдық беріледі. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының декларациясында Мыңжылдық даму мақсаттары ретінде айқындалған. Жалпы әлемдік тәжірибе бойынша жастардың еңбек нарығына араласып, алғашқы мамандық алып шығуына мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Бұл ретте экономикалық жетістігі дуалды оқыту жүйесіне негізделген Германия мемлекетін мысалға келтіруге болады. Бізде 9-сынып түлектеріне колледжде тегін оқуға мүмкіндік берілген», — деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, 3 жыл ішінде кадр даярлауға тиісті мемлекеттік тапсырыс көлемі артты.

Егер бұған дейін колледждерде бюджет есебінен 95 мың студент оқыса, биыл олардың саны 133 мыңға дейін ұлғайды.

«Мемлекеттік тапсырысты бұдан әрі де арттыра береміз. Биыл колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өсті. 2025 жылға дейін стипендия тағы 2 есе өсіріледі. «Жас маман» жобасын іске асыру аясында 180 колледжді қайта жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 48 млрд теңге бөлінді», — деді Әлихан Смайылов.

Тегтер: Әлихан Смайылов

Соңғы жаңалықтар

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы: заң не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz