Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Әлихан Смайылов Қашағандағы газ өңдеу нысандарының құрылысын тездетуді тапсырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазардың қатысуымен Қашаған консорциумына акционер компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

09.09.2023
Саясат

Кездесуде Консорциум қызметіндегі өзекті мәселелер, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және республиканың табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы талқыланды.

Үкімет басшысы елімізді мұнай-газ ресурстарымен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі маңызды екенін атап өтті. Бұл тек өндіру операцияларына ғана емес, сонымен бірге көмірсутек шикізатын кешенді өңдеуге де қатысты. Осыған байланысты Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа зауыттардың құрылысын тездету қажеттігі айтылды.

Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің айтуынша, Консорциумның негізгі міндеті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, кен орындарын толық игеру мәселелері болуға тиіс.

«Біз Консорциумның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», — деді Әлихан Смайылов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын барлық мәселелерді ҚР заңнамасында бекітілген құқықтар мен міндеттерді сақтай отырып, сындарлы жолмен шешуге дайын екендігін білдірді.

Тегтер: Әлихан СмайыловБасты жаңалықтарҚР Үкіметі

Соңғы жаңалықтар

Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz