Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланған

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылғы 31 тамызда «Аманат» партиясының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын сараланғанын айтты.

31.08.2023
Саясат

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасына жұмсаған шығыны 3 триллион теңгеден асады.

«1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану құқығын пайдаланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленді. Осыған байланысты қосымша шығындар 800 млрд теңгеден астам соманы болып отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Ол биыл азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілгенін атап өтті.

Салымшылар өз бетінше таңдаған жеке басқарушы компанияларға жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызын аудара алады.

Сонымен қатар, Премьер-Министр атап өткендей, биылғы жылдың басында Үкімет цифрлық отбасы картасын енгізді.

«500 мыңнан астам қазақстандық проактивті әлеуметтік қолдауға ие болды», — деді Премьер.

Тегтер: Әлихан Смайылов

Соңғы жаңалықтар

Ауылдан үлкен спортқа: Алматы облысында «Ауыл Sport – 2026» басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Қаныш Сәтбаев шыңында жарақат алған Франция азаматы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Қонаевта Қала күні қалай өтеді: мерекелік концерттің уақыты мен орны белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алатау қаласында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысы мен Қытай ынтымақтастықты жаңа бағыттарда дамытпақ

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz