Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Әлихан Смайылов жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ жұмысымен танысты

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Смайлов қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану; жалпы полиция жұмысын цифрландыру барысымен; жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.

29.08.2023
Саясат

Ведомство басшысы Марат Ахметжановтың баяндауынша, Ішкі істер министрлігі республикадағы қалалардың көшелері мен қоғамдық орындарында «толық қамту» принципімен бейнебақылаулар енгізуде.

Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылды, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.

«Цифрландыру арқылы тиісті мемлекеттік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға болатынына талай рет көзіміз жетті. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі артып, жемқорлық фактілері азаюда. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы Ішкі істер министрлігі де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Енді мұны аймақтарда одан әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарыментанысты.

Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және  полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді.

Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы «Цифрлық полицей» жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады.

Сондай-ақ премьер-министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін «Қорғау» жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту шараларын жүзеге асыру барысымен, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарының нәтижесімен және CyberPol интернет-алаяқтықпен күрес жөніндегі жобаментанысты.

Сонымен қатар кадрлық процестерді автоматтандыру қорытындысы, жедел-қызмет, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Тегтер: Әлихан Смайылов

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz