Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімдігі кадрлық ауыс-түйіске байланысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістерге қатысты жалған ақпарат таралып жатыр. Осыған байланысты Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

20.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің  ұсынысы бойынша білім бөлімінің бұрынғы басшысы Майгүл Тлеутайқызы Омарова лауазымынан босатылды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап басқарма басшысыз қалды. Бұл жұмыс сапасына әсер етеді», — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар, хабарламада облыстағы 3 ауысымды мектептер, білім ордаларын сапасыз жөндеу мен құрылыс фактілері, мұғалімдерді мерзімді басылымдарға күштеп жазғызу, директорлардың ақша жинатуы, білім сапасының төмендігі мәселелеріне байланысты қызметтік тергеу жүргізілетіндігі жайлы жазылған.

Әкімдіктің мәліметінше, биылғы жылдың 15 шілдесінде негізгі талаптарды көрсете отырып, Алматы облысы Білім басқармасы басшысының  лауазымына ішкі конкурс жарияланған. Кандидаттардың құжаттары 18-20 шілде аралығында жұмыс уақытында қабылданады.

«Бұдан әрі Алматы облысы әкімі аппаратының «адам ресурстарын басқару және мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу» бөлімі кандидаттардың құжаттарын қарайды. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қатысушыларды сұхбаттасуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Сұхбат — қоғамдық ұйым өкілдерінің және БАҚ-тың қатысуымен өтеді. Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттардың тізімі сұхбат өткізуге бір күн қалғанда Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады. Бұдан бөлек, сұхбаттасу өткенге дейін кандидаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісіледі», — деп әкімдік хабарламасында конкурс жайлы ақпарат көрсетілген.

Ал, Еңбекшіқазақ ауданы әкімін тағайындауға қатысты жарияланған жалған ақпарат жайында облыс әкімдігі: «ҚР Президентінің «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімдерін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысымен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша облыс әкімі тағайындайды», — деп мәлім етті.

Алматы облысының кадрлық ауыс-түйісі халықтың назарынан тыс қалмайды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жаңалықтар сайтымызда үздіксіз жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында құтқарушылар мен еріктілер салынып жатқан үйдегі өртті сөндірді

Қорлан Нұрланқызы
26.07.2026

ТЖМ басшысы Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетін ашты

Қорлан Нұрланқызы
26.07.2026

Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2026

Алматы облысында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2026

Айдарбек Сапаров Алматы облысындағы АӨК жобаларымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz