Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Шетелдік компания Алматы облысында қоқыс өңдейтін зауыт салмақшы

Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Recycle Management Company» ЖШС өкілдерімен кездесті.

04.08.2023
Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Кездесу барысында өңірде қоқыс өңдеу зауытын салу мәселесі талқыланды.

Серіктестік басшысы Егор Сингердің айтуынша, компания жалпы қуаттылығы жылына 1 млн тоннадан асатын ірі қоқыс өңдеу кешендерін әзірлеп, іске қосқан.

«Бізде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің жобасы жолға қойылған. ҚР аумағында қоқыс тасымалдау логистикасын дамыту арқылы бұл өндіріс түрі жаңа, интеграцияланған жүйеге жететініне сенімдіміз. Ал қоқыстан кортон, пластмасса бұйымдарын шығаруға болатынын барлығымыз білеміз», — деді компания басшысы.

Фото: Аслан Қажеке

Өз кезегінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы жұмыс тобын құрып, өндіріс ошағын ашуға жер телімін қарастыруды тапсырды.

Айта кетейік, Алматы облысында заңды түрде тіркелген 7 қоқыс полигоны бар, оның тек екеуінде ғана қалдықтар өңделеді. Ал өткен жылғы дерекке сәйкес, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ облыста 351 стихиялық қоқыс аумағын анықтаған. Оның 247-сінің көзі жойылған.

Бұған дейін кәсіпкерлердің қоқыс өңдейтін зауыт сала алмай жүргенін жазғанбыз.

Алматы облысында кәсіпкерлер қоқыс өңдейтін зауыт сала алмай жүр

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz