Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында малшы тауып алған ілбіс еркіндікке жіберілді

Биыл көктемде Алматы облысында табылған ілбіс еркіндікке жіберілді. Бұл туралы Алматы зообағы мәлім етті.

17.07.2023
Аймақ

Биыл 20 сәуірде Алматы облысында мал жайып жүрген тұрғын әлсіреп қалған ілбіс (қар барысын) тауып алған еді. Қызыл кітапқа енген жануар ветеринарлық көмек көрсету үшін Алматы хайуанаттар бағына жеткізілген болатын.

Зообақта арнайы карантинде болып, мамандардың толық тексеруінен, емдеуден және оңалтудан өткеннен кейін жыртқыш 15 шілдеде Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына жіберілді.

Зообақта арнайы карантинде болып, мамандардың толық тексеруінен, емдеуден және оңалтудан өткеннен кейін жыртқыш 15 шілдеде Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына жіберілді.

Табиғатқа шығарар алдында ветеринарлар оны қайтадан тексеруден өткізіп, салмағы мен бойын өлшеген.

«Алматы хайуанаттар бағында болған кезде барыс оңалтудан өтіп, 8 келіден астам салмақ жинап, денсаулығы толық жақсарып, табиғатқа шығуға дайын болды. Жануар күйзеліске ұшырамауы үшін тексеру және тасымалдау шаралары оны уақытша ұйықтату (наркоз қолдану) арқылы жүзеге асырылды. Зообақтан табиғатқа жіберілгенге дейін барыс ветеринарлардың бақылауында болды», — деп хабарлады зообақтан.

Алматы зообағының мәліметінше, ілбіс сирек кездесетін жыртқыш болғандықтан, ұлттық саябақтарда мекендейтін барыстар мен басқа да жануарларды зоологтар мұқият бақылайды.

«Осы мақсатта ғалымдар жануардың қозғалысын бақылап, оның тіршілігін қадағалап отыруы үшін қар барысының мойнына арнайы спутниктік таратқышы бар қарғыбау тағып қойды», — деп атап өтті зообақ өкілдері.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқар барысы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz