Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Үкіметте су дипломатиясын нығайту мәселелері қаралды

Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан су кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

29.06.2023
Саясат

Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау және жалпы су дипломатиясын нығайту мәселелерін қарастырды.

Бұдан бөлек, Су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумын құру жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, бұл ғылыми орталық жұмысы барлық мамандандырылған институттардың әлеуетін салалық даму бағдарламаларын әзірлеуге біріктіруге мүмкіндік беретіні айтылды.

Әлихан Смайылов Экология министрлігіне су шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар мен тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТБЖ) енгізуді жеделдету қажеттігінбаса айтты. Бұл мониторинг пен жауапты мамандар жұмысының тиімділігін арттырады, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жер асты суларының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Тегтер: Әлихан СмайыловҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
24.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
24.11.2026

Жасыл Қазақстанға бірге қадам басайық

Акжаркын
24.11.2026

Алатау қаласында 6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған төрт адам сотталды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Ауылдағы адал еңбек: Алматы облысының екі азаматы мемлекеттік награда алды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz