Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар? – мамандар түсіндірді

Бүгінгі өткен баспасөз мәслихаты ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістер тақырыбына арналды. Спикер ретінде Алматы облыстық филиалының басшысы Айгерім Абилова шақырылды.

13.06.2023
Аймақ
Фото: alataunews.kz

Фото: alataunews.kz

Оның айтуынша, бұл Академия – жаңа идеялар мен заман талаптарына сай мемлекеттік қызметшілерді дайындайтын интеллектуалды платформа.

«Осы жылы Үкіметтен мемлекеттік қызметшілерді даярлау мақсатында магистратураға 120 грант, докторантураға 12 грант бөлінді. Сондай-ақ сұранысқа сәйкес, «Халықаралық қатынастар» білім бағдарламасы 2 жылға ұзартылды. Магистратураға мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл еңбек өтілі керек болса, докторантураға 5 жылдан кем болмауы қажет», — деді Айгерім Абилова.

Филиал директорының сөзінше, қазіргі таңда оқуға өтінім бергендердің саны 215, ал жоспар бойынша 1000-ға жуық өтінім қабылданбақ.

«Үміткерлерден құжаттарды қабылдау 3 сәуірден басталып, 29 маусымға дейін жалғасады. Құжаттарды Академияның admission.apa.kz ақпараттық платформасында онлайн жолдауға болады», — деді спикер.

Фото: alataunews.kz

Сонымен қатар Айгерім Абилова мемлекеттік грант бойынша оқуға түсуге ниеттілердің тапсыруы қажет құжаттар тізіміне де тоқталды. Олар:

  • мемлекеттік органның мөрі қойылған жолдама;
  • жеке басын куәландыратын құжат пен жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
  • кадр бөлімімен расталған еңбек өтілін растайтын құжат;
  • мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификаттардың бірі болуы тиіс.

«Ал Алматы облысы туралы айтсақ, биыл Академияға осы өңірден оқуға түскен 9 түлек мемлекеттік кызметке орналасты. Оның ішінде облыс әкімдері мен түрлі басқарма басшылары бар», — деді филиал басшысы.

Толық ақпаратты https://www.apa.kz/ сайтынан оқи аласыздар.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz