Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде 2 мыңға жуық ауылдың болашағы жоқ – Дайрабаев

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев еліміздегі барлық ауылға бірдей жағдай жасау керегін ұсынды. Оның айтуынша, соңғы деректерге қарасақ, елімізде 1450 ауыл жойылған. Ал жойылу қаупі төніп тұрған ауылдар одан да көп.

05.06.2023
Жаңалықтар

«Соңғы деректерге қарасақ, елімізде 1450 ауыл жойылды. Оған кім жауап береді? Ол ескі Қазақстанмен кетті делік, дегенмен жаңа Қазақстанның өзінде 2 мыңға жуық ауылдың болашағы жоқ деп айтылып жүр. Ауылдың болашағы жоқ деген – қазақтың болашағы жоқ дегенмен тең», — деді депутат.

Ол Мәжілістің көшпелі отырысы кезінде өңірлерді аралап, ауыл тұрғындарының жағдайымен танысқанын айтты.

«Ақтөбе қаласынан 60 отбасыны ауылдарға көшіріп, жағдай жасалған. Осы жұмысты бүкіл республикаға істеуге болмас па еді? 2795 ауыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енбей қалған. Сондай-ақ қалған 695 ауыл түгелдей мемлекет қамқорлығына алынуы керек. Мынау жақсы ауыл, мынау жаман ауыл деген жоқ. Барлық ауылды бірдей қамтып, жағдай жасау керек», — деді мәжілісмен.

Депутат өңірлерде әлі де сусыз, жолсыз отырған ауылдардың барын атап өтті.

Тегтер: ауылЖигули ДайрабаевҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz