Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда АИТВ жұқтырған еркектердің саны әйелдерден 2 есе көп

Вирус жұқтырғандардың 82 пайызы – 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар.

30.05.2023
Қоғам

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда АИТВ диагнозы бар 30 558  адам тұрады, деп баяндады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

«Былтыр 3 877 жаңа жағдай тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 20,3. Бұл ретте еркектер әйелдерге қарағанда 2 есе көп екені (67,2%/32,8%) анықталды», – деді министр.

Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырғандардың 82 пайызы – 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар.

«Вирустың жыныстық жолмен берілуі басым. Ол 75 пайыз. Содан кейін инъекциялық жолмен берілу тұр. Ол 20 пайызды құрайды», – деді министр.

Сонымен қатар Ажар Ғиният 6 өңірде вирустың таралу көрсеткіші жоғары екенін атап өтті.

«Саралау нәтижелері Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында бес негізгі көрсеткіштің төртеуі инфекцияның таралуының неғұрлым жоғары деңгейін және облыстардың аумағында АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді», – деді ол.

Тегтер: Ажар ҒиниятАИТВвирусҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz