Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Қаскелең» автопаркі халықты автобуспен қамтамасыз ете алмай отыр

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов айтты.

30.05.2023
Аймақ

Брифингте бірқатар қордаланып қалған мәселелер талқыланды. Мысалы, Елтай, Көлді, Мерей, Нұрбағы ауылдарында автобустардың сапасы сын көтермейді.

«Мерей, Көлді, Жалпақсай ауылынан Қаскелеңге қарай халықты автобуспен «Қаскелең» автопаркі қамтамасыз етуі қажет. Алайда, қазіргі таңда бұл компанияның оған шамасы келмей отыр. Сондықтан мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс ойнатылады. Оған Алматы қаласындағы компаниялар қатысуға ниетті», — деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, серіктестіктерге автобус ішінде электронды төлем жасайтын қондырғысының орнатылуы және жаңа көліктерді қолданысқа беруі қажеттілігі жөнінде талап қойылған. Аталған электронды жүйенің негізінде компанияға субсидия төленетін болады.

Сонымен қатар әкім биыл қыркүйекке дейін Қаскелең — Айтей, Қаскелең — Жандосов, Қаскелең — Исаев, Батан — Алтын Орда және Тұрар — Алтын Орда бағытындағы бес жаңа автобус бағыты ашылатынын айтты. Ал бұған дейін «Қаскелең (СДУ) – Алматы» бағытында №230, «Көлащы – Елтай — Алматы» бағытында №213 маршруттары іске қосылған. Сонымен қатар сәуір айынан Қаскелең қалаішілік №1 «Сәукеле — Теремки» және №2А «Автобекет — Арман саяжайы» бағыттарындағы екі маршрут жүре бастаған.

Тегтер: автобусАлматы облысыҚаскелеңхалық

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz