Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бурабай шағын ауданының тұрғындары ауыз судың жоқтығына шағымданды

Алматы облысы әкімінің жұртшылықпен кездесуінде тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Оның бірі – Бурабай шағын ауданында ауыз судың тапшылығы.

17.05.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Тұрғынның айтуынша, Мемлекет басшысы Алматы облысының ауыз су мәселесін шешу туралы тапсырманы бергелі бірнеше жыл өткен. Алайда, бұл мәселе әлі жүйелі түрде шешілмеген.

«Біз Бесағаш ауылындағы «Бурабай» шағын ауданында тұрамыз. Бірақ жергілікті әкімдік су тарту проблемасын шешпеген соң, 2018 жылы «Тасқынсу» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойып, өз-өзімізді сумен қамтамасыз ете бастадық. Қазіргі таңда бұл серіктестік қарызға батып қалған. Сол себепті су белгілі бір уақыт кестесімен беріліп жатыр. Мәселеміз қашан шешіледі?», — деді тұрғын.

Облыс әкімі бұл түйіткілдің бар екенін жасырмады. Оның айтуынша, мұнда шағын аудан тұрғызбас бұрын судың қуаттылығы есептелмеген.

«Бұл ауданда су желілерінің тозуы 57%-ды құрайды. Әрине, судың қуаттылығы да жеткіліксіз. Сол себепті біз Бесағашта 9 және 12 қабатты үй тұрғызуға тыйым салдық. Сіз тұрып жатқан шағын ауданның құрылысы басталарда тиісті есптеулер жасалмаған. Талғар ауданының 75 шақырым су желісіне жөндеу жүргізілетінін айта кеткен жөн. Нәтижесінде 15 000 тұрғын сумен қамтылады», — деді аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Ал аудан әкімі Танат Айдарбеков Бурабай шағын ауданының мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатқанын айтты. Жалпы жоба құны 6,6 млрд теңге.

Тегтер: Алматы облысыауыз суТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz