Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғаш рет «Алатау арланы» жарысы өтіп жатыр

Бүгін Алматы облысының орталығында қазақ күресінен алғаш рет «Алатау арланы» жарысы өтіп жатыр. Жеңімпаз балуан республикалық «Қазақстан барысы» турниріне қатысады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

11.05.2023
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Жарыста 18 жастан асқан, салмағы 90 келіден жоғары 27 балуан бақ сынасып жатыр. Олар 9 аудан мен Қонаев қаласында іріктеуден өткен, яғни аудандық сайыста үздік үштікке енген спортшылар.

Қатысушылар арасында Мәди Еділбаев, Айбол Айтбай, Нұрғали Жолтаев, Саят Жөкен, Бауыржан Рақышев және Өріс Адибан сынды белгілі балуандар да бар.

Жарыс жеңімпазы алтын белбеумен марапатталады. Сонымен қатар ақшалай сыйақы да қарастырылған: бірінші орын – 5 000 000 теңге, екінші орын – 1 000 000 теңге, үшінші орын – 500 000 теңге.

Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі балуандарға сәттілік тіледі.

«Төл өнеріміз қазақ күресі — халқымыздың батырлық мінезін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, осындай ірі жарыстарымызды жиі ұйымдастырып өткізуіміз қажет. Алматы облысы білекті де, жүректі балуандарға кенде емес. Тұңғыш Қазақстан Барысы Ұлан Рысқұл да біздің өңірдің тумасы екені баршамызға мәлім. Қатысушыларға сәттілік тілей отыра, Республикалық деңгейде Алматы облысының мерейін асқақтатын, нағыз шебер жеңіске жетсін деймін», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Жұмабай Мұсабеков
Тегтер: Алатау арланыАлматы облысыБасты жаңалықтаржарысқазақ күресіҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz