Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 5 млн бастан артық малға манипуляция жүргізілді

Алматы облысының аумағында жануарлардың 16 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 5 556 093 бас мал егілді.

06.05.2023
Аймақ

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбековтың айтуынша, бруцеллез ауруына 212 660 бас ірі қара мен 317 869 бас ұсақ мал зерттеліп, 229 бас ірі қара мен 72 бас ұсақ малдан ауру анықталған.

«Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті аурулардың 3 қолайсыз ошағы тіркелді. Оның бірі Еңбекшіқазақта және Жамбыл ауданында 2 ошағы анықталды. Қазіргі уақытта, 1 ошақ сауықтырылып, қалған ошақтарда сауықтыру шаралары жүргізілуде», — деді Нұртас Қиялбеков.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, ауруға шалдыққан малдар қайта өңдеу орындарына санитарлық союға өткізіліп, мал иелеріне нарықтағы бағаның 30 пайызы көлемінде өтемақы төленді.

Бүгінгі күні облыста 707 мың бас мүйізді ірі қара, 2,9 млн бас ұсақ мүйізді мал, 231 мың бас жылқы, 7,8 мың бас түйе, 61,7 мың бас шошқа бірдейлендіріліп, компьютерлік дерекқорға енгізілген. Мал басы жылдан жылға көбеюде.

Тегтер: Алматы облысымал егу

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шілде айында жұмыс іздеушілер саны артты: қай салада сұраныс жоғары?

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Қонаев гарнизонында Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Тәуелділікке тәуелсіз болайық

Диана Ахметова
06.08.2026

Абай болсақ, апаттың алдын аламыз

Диана Ахметова
06.08.2026

Конституциялық реформалар: қоғам сұранысына жауап

Диана Ахметова
06.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz