Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы көлдерінің деңгейі төмендетіліп жатыр

Биыл Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі 7 көлді босату жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Altaunews.kz.

15.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Өзендердің бассейндеріндегі 7 көлді босату жұмыстары ауа райының қолайсыздығына және таулы аймақтың төмен температуралық жағдайына байланысты бір ай кеш басталды. Алматы маңында 45 мореналық және мұздық көп көл бар. Оның 12-сі аса қауіпті. Алматы қаласының аумағында селмен күресудің ең тиімді әдісі — мореналық көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу», — деп хабарлады ведомстводан.

Жұмысты атқаруға 40 адам жұмылдырылып, бульдозерлер іске қосылды. Эвакуациялық каналдарды тазарту және тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«Суды қосымша айдау үшін арнайы понтондарда 10 бірлік өнімділігі жоғары су сору қондырғылары қойылады. Сондай-ақ, су ағызу белгіленген сифонды құбырлар желілері бойынша жүзеге асырылады. №6 және 13 Бис көлдеріндегі екі сифон желісі автоматты түрде қосылды. Үлкен Алматы өзені бассейніндегі №8 және 13 Бис қауіпі бар көлдерде қосымша 2 желіні қосу жоспарлануда, ол үшін 2900 метр полиэтилен құбырлары дайындалды», — деп атап өтті қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Мореналық көлдердің жай-күйіне бақылау жүргізу үшін тұрақты негізде жұмыс істейтін 9 бекет бар. Бұған қоса 10 биік таулы маусымдық бекеттер қойылған. Сел қаупі бар кезеңде барлығы 19 бекет жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті сел қаупін автоматтандырылған мониторинг арқылы бақылайды.

Тегтер: өзенТЖД

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz