Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мәслихат Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті

Мәслихат депутаттары 2040 жылға арналған Алматының жаңа бас жоспарын бірауыздан мақұлдап, бекітті.

21.04.2023
Аймақ

Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың сөзінше, қаланың бас жоспары үлкен қоғамдық талқылаудан өтті, оның барысында мегаполис тұрғындарынан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығынан 1300-ден астам ұсыныс түсті, олар негізінен жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологияны жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қоса мәслихат комиссияларының отырыстарында осы жобада ескерілген 20-ға жуық ұсыныс қаралды.

«Өздеріңіз білетіндей, қаланың бас жоспары 20 жыл бұрын әзірленген және моноорталықтық даму моделіне негізделген, яғни жұмыс орындары мен әлеуметтік-мәдени қызметтер қаланың тарихи орталығына тығыз шоғырланған. Содан бері қала аумағы жағынан да, халық саны бойынша да 2 есе ұлғайды. Жаңа Бас жоспарда тұрғын үй, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымы дамыған 5 жаңа полиорталық құрылатын полиорталықтық даму моделіне көшу көзделеді. Бұл осы полиорталықтардың тұрғындары үшін барлық қажетті игіліктердің жақын орналасуына мүмкіндік береді. Жаңа бас жоспар жайлы қалалық орта құру және қаламыздың барлық аудандарында өмір сүру сапасын жақсарту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін», — деді Ерболат Досаев.

Тегтер: алматыбас жоспарерболат досаев

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған төрт адам сотталды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Ауылдағы адал еңбек: Алматы облысының екі азаматы мемлекеттік награда алды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
23.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
23.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
23.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz