Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда 109 млн теңгені букмекерге салып жіберген аурухана есепшісі сотталды

Талдықорғанда аурухана есепшісі 109 млн теңгені букмекерлік кеңсеге салып жіберген.

20.04.2023
Аймақ

Сот анықтағандай, Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі 2021 жылдың 1 наурызында есепші болып жұмысқа орналасқан. Сол уақыттан бастап мемлекеттің бюджет қаражатын өзінің жеке шотына аударып отырған.

«Келтірілген мүліктік залал көлемі 109 миллион теңгеден асады. Прокурор сотталушыны қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына шектеп, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын көңілден өкініп, ұйымға келтірілген залалды өтеуге міндеттеніп, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады. Кінәсін мойындауын және жасаған ісіне өкінуін, сотталушыда кәмелетке толмаған баласының болуын, жастығын, сонымен қатар сотталушының келтірілген залалды ішінара өтегендігін, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот А.-ға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — делінген Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотталушы жазаны қылмыстық – атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Айта кетейік, Талдықорған қалалық сотында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша облыстық «Балалар ауруханасы» МКК-нің есепшісіне қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қаралды.

Тегтер: есепшіЖетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz