Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жол саласы мамандарының цифрлық қоры жасақтала бастады

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жолшылардың бірыңғай біліктілік базасын толтыру үшін дерек жинау жұмыстары басталғанын жариялады.

12.04.2023
Жаңалықтар

Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасы – салалық еңбек биржасы немесе мамандардың цифрлық қоры. Біліктілік базасы арқылы мердігер ұйымдар онлайн режимде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін қажет мамандарды таба алады. Жол құрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы болады. Өйткені, аталған базада олардың дағдылары мен оқыту курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар қолжетімді болмақ.

«Біліктілік базасында автожол мамандарының санаты, өтілі, дағдылары мен сертификаттары туралы мәліметтер сақталады. Біздің болжамымыз бойынша, бұл базаның көмегімен білікті кадрлардың жетіспеушілігі сияқты проблеманы шеше аламыз», — дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығының директоры Гүлжамал Омарова.

Институт сайтында жол құрылысы мамандығын игерген ЖОО түлектері сынды болашақ мамандар мен қазіргі инженерлер, шеберлер, жобалаушылар туралы әрі басқа да мәліметтер жинала бастады.

«Институттың сайтында деректерді жинау туралы хабарландырумен бірге, біз жол саласында оқитын студенттер, еңбек ететін қызметкерлер мен компаниялар сауалнамаға қатысып, деректерді толтыруға мүмкіндік алатын сілтеме жарияладық. Жалпы, цифрлық база еңбек нарығын талдауға мүмкіндік береді», — деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Цифрландыру басқармасының басшысы Құрманғазы Тілеу.

Тегтер: жол саласы

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz