Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорған супермаркеттерінде тұтынуға жарамсыз картоп қымбатқа сатылған

Талдықорған супермаркеттерінде тұтынуға жарамсыз картоптар қымбат бағаға сатылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

10.04.2023
Аймақ

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлері азық-түлік тауарларына баға белгілеудің тізбек бойынша делдалдық схемаларды тергеу бойынша Өңірлік комиссиямен бірлесіп, тұрақты түрде өндірушіден тұтынушыға дейінгі бағаның қалыптасуының мониторингін жүргізіп жатыр. Департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өнім сапасына мониторинг жүргізіп, олардың баға-сапа қатынасына сәйкестігі тексерілді.

«Мониторинг барысында Талдықорған қаласының ірі супермаркеттерінде «Жетісу ӘКК» АҚ жеткізетін картоптың 170 теңгеден сатылғаны анықталды. Өнім әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорынан қаржыландырылады, алайда сатылатын картоптың сапасы өте төмен болып шыққан. Өнімнің 70%-ы тұтынуға жарамсыз», — делінген хабарламады.

Департамент бастамасымен аталған мәселе Өңірлік комиссия отырысында қарастырылып, облыс әкімдігіне және «Жетісу ӘКК» АҚ профильді бөлімшелеріне тиісті нұсқаулар берілді. Сауда орындарының әкімшілігімен және жеткізушілермен жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде жарамсыз картоп ауыстырылып, оның бағасы 1 келісі үшін 170 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендетілді.

«Жетісу ӘКК» АҚ-на әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізушілер мен сатушыларға бақылауды күшейту туралы тиісті тапсырма берілді.

Тегтер: Жетісу облысыкартопқымбатшылықТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz