Ағаш егу акциясына Алматы облыстық және қалалық мәслихатқа жаңадан сайланған 50 шақты депутат қатысты.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділовтің айтуынша, аталған акция ары қарай да өз жалғасын табады.
«Өңірдегі алғашқы жұмысымызды облыс орталығына, бас шаһарға ағаш егуден бастадық. Облыста ұйымдастырылатын шараларға бір кісідей қатысуға ниеттіміз. Жаңа сайланған депутаттар еліміздің өркендеуіне, облыстың көркеюіне, дамуына үлес қосады деген сенімдемін», — деді Талғат Байеділов.
Бұған дейін қалада сенбілік ұйымдастырылғанын, облыс әкімінің қатысуымен ағаш егу акциясы өткізілгенін жазғанбыз.
Айта кетейік, мұндай шаралар Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр.