Жарыста Талғар ауданының көкпаршылары жеңіп, 1 миллион теңге ақшалай сыйлықты қанжығаларына байлады. Ал 2-орынды Кеген ауданының спортшылары иеленді, 3-орынға Ұйғыр ауданының азаматтары табан тіреді.

Бұдан бөлек, жалпы командалық есепте де Талғар ауданының спортшылары өзінің қарсыластарын шаң қаптырды.

Ал басқа спорт түрлерінен нәтиже мынадай:
Жамбы атудан жарыс қорытындысы бойынша:
- 1 орын — Алыбаев Серік Қарасай ауданы;
- 2 орын — Нұрғазиев Алдияр Талғар ауданы;
- 3 орын — Оразбай Дархан Райымбек ауданы.
Теңге ілуден жарыс қорытындысы бойынша:
- 1 орын — Әсімжан Нариман Еңбекшіқазақ ауданы;
- 2 орын — Азыкулов Қайрат Ұйғыр ауданы;
- 3 орын — Амантаев Айдос Талғар ауданы.
Дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында:
- 1 орын — Устемирова Ляззат Талғар ауданы;
- 2 орын — Алыбаева Гүлдана Қарасай ауданы;
- 3 орын — Бердіке Мөлдір Жамбыл ауданы.
Дәстүрлі садақ атудан ерлер арасында:
- 1 орын — Мугалов Ахмет Талғар ауданы;
- 2 орын — Чойтонбаев Ұлан Қонаев қаласы;
- 3 орын — Біржан Мақсат Қарасай ауданы.
Дәстүрлі садақ атудан әуесқойлар арасында:
- 1 орын — Қалибайұлы Қайсар Ұйғыр ауданы;
- 2 орын — Сайдалиев Шахмұрат Ұйғыр ауданы;
- 3 орын — Матаев Айдын Ұйғыр ауданы.
Құмай тазыны шырғаға тарту бойынша:
- 1 орын — Нұрышов Нұрғали Қарасай ауданы (Қарақұс);
- 2 орын — Исабеков Сұлтан Еңбекшіқазақ ауданы (Алғыр);
- 3 орын — Курджиди Нестер Талғар ауданы (Ұшар).
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, тиісті дәрежелі диплом, кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Осыған дейін біріншілік өтіп жатқаны туралы жазғанбыз.
Алматы облысында ұлттық ат спорт түрлерінен чемпионат өтіп жатыр










