«Облыста алғаш рет алтын, күміс, вольфрам, көмір және басқа да қазбалар кен орындары бойынша қолда бар қорын ескере отырып, тау-кен металлургия өнеркәсібін дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленіп жатыр», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Облыс әкімінің айтуынша, аталған бағдарламаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын құра отырып, облыстың минералдық-шикізат кешеніне қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
«Бағдарлама аясында жоғары технологиялық тау-кен және металлургиялық өндірістер салынып, жаңа кен орындарын іздеу, барлау және игеру жұмыстары атқарылады», — деді әкім.
Сонымен қатар өңір басшысы былтыр желтоқсан айында қабылданған «Облыстың 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын» басшылыққа ала отырып, қазіргі қарқынды сақтап қалу үшін барлық шаралар қолға алынатынын баса айтты.
«Бұл стратегия алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басым бағыттарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Және осы құжат аясында әр ауданның жеке әрі кезең-кезеңімен дамуына басымдық беріледі», — деді Марат Сұлтанғазиев.