Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шет елдерден парацетамолдың қосымша қоры әкелінеді — ДСМ

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті елдегі парацетамол препаратының қоры туралы мәлімет жариялады.

02.02.2023
Жаңалықтар

«Кейінгі күндері азаматтар бізге бөлшек сауда сегментінде парацетамолдың жоқ екенін және азайып кеткенін айтып, жиі шағымданып жүр. Комитет апта сайын көтерме және бөлшек сауда желісінде антибиотиктердің, антикоагулянттардың, антипиретиктердің, вирусқа қарсы, қабынуға қарсы және гормоналды препараттардың мөлшеріне мониторинг жүргізеді. Фармацевтикалық қызмет субъектілерінің ақпараты бойынша, бөлшек және көтерме желіде парацетамолдың әр түрлі дозадағы 710 652 қаптамасы бар», — деп жазылған комитет мәліметінде.

Ал парацетамолмен біріктірілген дәрілік формалардың саны 573 409 қаптама.

«Қазақстанда тіркелген парацетамолды шет елдерден қосымша жеткізіледі. Парацетамолмен емдеу ұзақтығы 3 күннен аспайтынын және ауырсынуды басатын дәрі ретінде 5 күннен аспайтынын білу маңызды. Препаратпен емдеуді жалғастыру дәрігермен кеңескеннен кейін ғана мүмкін болады», — деп толықтырды ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде парацетамолдың қоры жеткілікті екенін айтқан еді.

Тегтер: ДСМҚазақстанпарацетамол

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz