Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Алматы әуежайының ұшу жолағына келтірілетін кедергілерді жою және периметрлік қоршауды ауыстыру үшін Алматы облысында 190 жер учаскесін және Алматы қаласында 40 жер учаскесін мемлекеттік балансқа алу қажет. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (ҚР ИИДМ) 2022 жылғы маусымда өңірлердің басшыларына хат жолдады», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздегі «ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, қала аумағына құрылыс жүргізу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу туралы шешімдерді қабылдау жергілікті әкімдіктің құзіретінде.
«Осыған байланысты ҚР ИИДМ жергілікті атқарушы органдардың атына әуеайлақ маңындағы жер учаскелерін беру кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі және заңсыз салынған нысандар бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде хабарламалар жолданды», — деп жазды баспасөз қызметі.
Аталған талаптарды орындамағаны және нұсқаулық арқылы жүйелі жұмыс жасамағаны үшін Шымкент қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына, Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды.
Айта кетейік, еліміздің Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе қалаларының әуежай аумағында заңсыз салынған нысандар көп.