ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша қазір эвакуациялау үшін 769 уақытша жылыту пункті дайындалды. Авариялық-құтқару жұмысына 4 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника жұмылдырылды. Дегенмен әлі де ескертуге құлақ аспайтындар жетерлік.
«Жеке жүргізушілер полицияның жолдағы қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа-райында қауіпті учаскелерге шығып, өздеріне және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Көп жағдайда олардың көлігі қар көшкініне кептеліп қалады және оларды құтқару үшін полиция мен ТЖ қызметкерлері тәуекелге барып, ресурстарды жұмсауға мәжбүр болады. Көлік жүргізушілері жабық жолдарға шықпау жөнінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жағдайларда оларға 30 АЕК немесе 103 500 теңге айыппұл, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапкершілік қаралғанын ескертеміз», — деді спикер.
Ауа райының нашарлауына байланысты жабық учаскелер туралы сенімді ақпаратты 112, 102 телефондары, сондай-ақ «Қазавтожол» ҰК» АҚ байланыс орталығынан 1403 телефоны бойынша білуге болады.