Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының логотипін жаңарту бойынша байқау қайта жарияланды

Конкурс мерзімі: 2023 жылғы 7 қаңтардан 6 ақпанға дейін.

05.01.2023
Аймақ
Фото: www.finance-monthly.com

Фото: www.finance-monthly.com

«2022 жылғы 1-30 қазан аралығында Алматы облысының логотипінің эскизін әзірлеуге жарияланған конкурс ережесінің талаптарына сәйкес келмеуінен байқау қайта жарияланды», — деп хабарлады облыс әкімдігі.

Конкурсқа қатысу шарттары:

  • жеке және ұжымдық жобалар қабылданады;
  • байқауға бірнеше жұмыс ұсынуға болады;
  • конкурсқа материалдар түсіндірме жазбамен (көлемі 300 сөзден аспайтын мәтін, логотиптің жалпы идеясы мен бөлшектерін сипаттай отырып) JPG, PNG (дюйміне 300 dpi) форматтарында электрондық түрде ұсынылады;
  • өтінім мен конкурстық материал электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс: a7fazylova@gmail.com

Байқау шарттарына сәйкес, жаңа логотип Алматы облысының мәдени, географиялық, тарихи ерекшеліктеріне негізделе отырып жасалуы керек. Сонымен қатар логотип көркемдік-эстетикалық талаптарға сай келетін бейнеде жасалуы қажет.

Бұдан бөлек, өңірдің ресми таңбасы кез келген қолдану әдісімен көшіруге жарамды болуы тиіс.

Логотип эскиздерін бағалау критерийлері:

  • өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрінісі;
  • көркемдік деңгейінің жоғары болуы;
  • түпнұсқа дизайн;
  • түстердің үйлесімділігі.
Тегтер: Алматы облысылоготип

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пойыздар мен тасжолдарда спутниктік интернет пайда болады

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Алматы облысының делегациясы Гонконгтегі халықаралық медицина көрмесіне қатысуда

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Қонаевта қоқыс тастағандарға миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Алматы облысында жаңғыртылған перинаталдық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Қонаевта екі аптаға ыстық су өшіріледі

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz