Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Жетісу облысы басшылығының алдына басым міндеттер қойды

Жиында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Жарлығымен Жетісу облысының құрылғанын еске салып, оларды осы тарихи оқиғамен құттықтады. Одан кейін ҚР Премьер-министрі Бейбіт Исабаевты аймақ активіне таныстырды, деп хабарлайды AlatauNews.kz.

11.06.2022
Жаңалықтар

Премьер-Министр өз сөзінде облыс басшылығының алдында мемлекеттік қызметтер көрсететін басқару органдары мен мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді жедел түрде шешу міндеті тұрғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру үшін өңірді экономикалық дамыту бойынша жұмысты жоспарлы түрде жүргізу қажет.

Осы тұрғыда Премьер-Министр ауыл шаруашылығы өндірісін, өңдеу өнеркәсібін және туризм саласын келешегі бар бағыттар деп атады.

«Өңір экономикасының мықты жақтарын талдап, Жетісудың жылдам дамуына серпін беретін инвестициялық жобаларды анықтау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы жергілікті тұрғындардың өзекті әлеуметтік мәселелерін, соның ішінде сапалы ауыз сумен, тұрғын үймен, электрмен және газбен жабдықтауды, сондай-ақ жолдар мен қоғамдық нысандарды уақытылы жөндеуді шешудің маңыздылығын атап өтті.

«Өңір тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу жергілікті атқарушы органдар үшін бірінші орында болуы тиіс. Бұл орайда олардың жұмысы халықпен нәтижелі диалог негізінде құрылып, Мемлекет басшысының “Жаңа Қазақстан” саясатына сәйкес тапсырмаларын іске асыруға бағытталуы тиіс», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz