Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақ политехникалық институтын (1989 ж.), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР МҚК Құрметті қызметкері.
2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.
2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.
1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды.
2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында болды.
2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы қызметін атқарды.
2021-2022жж. — Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы, 2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болды.