Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында оқушыны оқушы таптап кетті

Алматы облысы Талғар ауданындағы №3 Абай атындағы орта мектепте киім ілетін орында оқушылар бірін-бірі таптап кетті, деп хабарлайды Alataunews.kz

18.11.2022
Арнайы жоба

Оқиға 17 қараша күні екінші ауысымның сабағы біткенде болған. Үйіне қайтуға асыққан оқушылар киім ілетін орында бірін-бірі таптап кеткен. Салдарынан 6-сынып оқушысы аяқ астында қалып қойған. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мектепте киім ілгіш бөлмесінің қызметкері жоқ.

«Оқиға болған кезде кезекші мұғалім оқушыларды қадағалап тұрған. 6-сынып оқушысы оқушылардың аяғының астында тапталып қалған. Оған кезекші мұғалім мен сыныптастары көмектесіп, орнынан тұрғызып алған. Оқушы есін жоғалтпаған», — деп мәлімдеді мектеп директоры.

1170 оқушыға арналған №3 Абай атындағы орта мектебінде 2054 оқушы білім алып жатыр. Болған оқиғаға қатысты оқушының ата-анасы баласына еш зақым келмегенін айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Сондай-ақ оқушы қыз да еш жері ауырмайтынын айтып, видео жазған.

Оқиғаға қатысты мектеп директорына ҚР Еңбек кодексінің 64-бабының 2-тармағына сәйкес, тәрбие жұмысындағы олқылықтары үшін «сөгіс» түріндегі жаза қолданылып, еңбек қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды. Қазіргі күні мектепте оқушылармен және ата-аналармен ақпараттық, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz