Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қысқы дөңгелек салынбаған көлікті жүргізуге тыйым салынады

Күннің суытуына байланысты қысқы дөңгелек салынбаған көлікті жүргізуге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

14.11.2022
Жаңалықтар

«Қараша айынан бастап ауа райы күрт нашарлайтыны белгілі. Адамдар бұған бірден үйренісіп кете алмайды. Сондықтан қыста ауа райының жол жүру қозғалысына әсерін, жауын-шашын кезінде көру мүмкіндігінің төмендейтінін ескеру маңызды екенін еске саламыз. Жаяу жүргіншілер жолда жан-жағына назар аударып, абай болғандары дұрыс. Өйткені көлік бірден тоқтай алмайды. Сондықтан жолдан өту кезінде жүргізушінің жол беретініне көз жеткізіп барып қана жүрген абзал. Құлаққап, телефон адамға кедергі келтіретінін ескеріңіз», — деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, ІІМ жеке құрамға қызмет кезінде қиын жағдайда қалған барлық адамдарға көмек көрсету тапсырылды.

«Сондай-ақ заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатынын еске салу қажет. Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы тиіс. Егер ауа райы нашарласа, елдімекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуі керек», — деді ол.

Тегтер: дөңгелек

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz