Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

БАҚ өкілдері Қонаев қаласындағы құрылыс нысандарымен танысты

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі түрлі баспасөз өкілдеріне пресс тур ұйымдастырды.

12.11.2022
Аймақ

Алматы облысы орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалаға кіреберіске қар барысының мүсіні орнатылды. Журналистер шаһар келбетін келістіріп тұрған мүсінді көріп қайтты.

«Қалада жалпы саны 12 нысан абаттандырылады. Оған орталық алаңдағы Д.Қонаев ескерткішін абаттандыру, сол жердегі аллеяны заманауи демалыс орны ету, қар барысының мүсіні, Қонаев көшесінің бойындағы «Workout» балалар мен ересектерге арналған алаңдары, муралдар салу, кіреберістегі «Қонаев» жазуы және т.б. нысандар кіреді», — деді тілшілерге сұхбат берген қала әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет.

Оның сөзіне сүйенсек, қаланың кіреберісіндегі қар барысының мүсіні — Алматы облысының символы ретінде бой көтерді. Бұл жерде тек мүсін ғана орнатылып қоймай, адамдардың күндізгі және түнгі уақытта демалуларына, суретке түсулеріне қолайлы жағдай жасалды. Және теміржол бойына шаһардың жаздыкүнгі тыныс-тіршілігі бейнеленген паннолар орнатылды.

«Қаланың сәніне жауапты — «Urban» ЖШС. Бұған дейін 4 мурал болса, қосымша 6 мурал салынды. Қазірдің өзінде көрсе көз тартатын қоғамдық орындар көбейді. Мысалы, Қонаев көшесінің бойындағы аллеяны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаяу аралағанын білесіздер. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады», — деді қала әкімінің орынбасары.

Марлан Жолдахметтің айтуынша, бүгінде қаладағы «Астана» аллеясының құрылысы аяқталуға жақын. Шағын Арбат көшесінің инфрақұрылымы толығымен жаңартылды, кішігірім сәулет нысандары, түтін фонтаны салынды.

Тегтер: Қонаев қаласымурал

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz