Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаевтың жақтастары Павлодар өңірінде үгіт-насихат шараларын өткізді

Штаб мүшелері бірқатар кәсіпорынды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті.

10.11.2022
Жаңалықтар

Екібастұздағы көмір кеніші, трамвай басқармасы және электролиз зауытының жұмысшыларына кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасын түсіндірді.

Бұдан кейін аймақ жұртшылығын Достық үйіне жиып, бағдарламаны талқылады. Ал қоғам белсенділері және жастармен жүздесу кезінде басым бағыттарына тоқталып, сайлауға қатысудың маңыздылығын жеткізді.

«Республикалық қоғамдық штаб Павлодар жұртшылығымен жүздесіп жатыр. Екібастұз бен Ақсу қалалары, тағы он ауданда кездесулер өткізілуде. Жиын барысында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Республикалық қоғамдық штаб Қазақстанның 10-нан астам өңірін аралап, 13 мыңдай іс-шара өткізді», – республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

23 тамызда Алматы облысында қоғамдық көлік тегін болады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Қарасайда жыл басынан бері 203 отбасы қоныс тойын тойлады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысының әкімі Райымбек пен Кеген тұрғындарымен кездеседі

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында аяғы құбырға қысылған сәби құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz