Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстан дәрігерлері Тәжікстан елінің мамандарымен тәжірибе алмасты

Тәжікстанның ақ халаттылары жергілікті мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасына іс-сапармен келді.

08.11.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Фото: ҚР ДСМ

Фото: ҚР ДСМ

2022 жылдың наурызында аталған мекемеде  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) демонстрациялық платформасы ашылған. Екіжақты кездесу де осы МСАК төңірегінде ұйымдастырылды.

Ауқымды шара 3 бөлімнен құралды:

  1. Семинардың бірінші бөлігінде аурухананың директоры Жәмила Әбеуова шетелдік дәрігерлер үшін науқастарға жедел көмек көрсетудің бағыты жайлы айта отырып, келушілерге мекемені таныстырды.
  2. Акт залында ДДҰ-ның өкілдері Арнольдас Юргутис пен Айгүл Құттымұратова МСАК-ты тұрақты дамыту және жүйелі түрде алға жылжытудағы басшылықтың рөлі жайлы дәріс оқыды.
  3. МСАК көпсалалы бригадасының міндеті мен функциясын анықтау тақырыбында таныстырылым көрсетілді.
Фото: ҚР ДСМ

Аталған үш бөлімде де Қазақстан тәжірибесін Тәжікстан ауруханаларына енгізу мәселелері талқыға салынды.

«Біз бұл сапардан көп нәрсеге қанығатынымыз анық. Сіздерден тәлім алу арқылы еліміздегі МСАК-ты реформалау жүйесін, оның ішінде медициналық және әлеуметтік қымет көрсету интеграциясын, отбасылық медицинаны дамытуды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз, — деді шетелдік денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Зиедулло Идрисов.

Фото: ҚР ДСМ

Айта кетейік, тәжікстандық дәрігерлер апта соңына дейін Қазақстанның медицина саласындағы тың жаңалықтармен танысып, түрлі орталықтарды аралайтын болады.

Тегтер: ДДСҰЕңбекшіқазақ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz