Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда экожүйені бақылау бекеттерінің саны артты

Алматыда экожүйені бақылау бекеттерінің саны 16-дан 40-қа дейін артты. Бұл туралы Экология министрі Серікқали Брекешев қала тұрғындарымен кездесуде айтты.

28.10.2022
Аймақ

Халықпен кездесу барысында қаланың экологиялық жағдайы бойынша көптеген мәселе талқыланды.

Министр Алматы бірнеше жылдан бері ең ластанған қалалар тізіміне еніп келгенін айтты. Жыл сайын қала атмосферасына шамамен 138,7 мың тонна ластаушы заттар шығарылады. Ластану жылу көздерінің (ЖЭО-2 және ЖЭО-3), жеке тұрғын үйлердің және транспорттың шығарындыларымен байланысты. Бұдан бөлек, Алматы қаласының атмосфералық ауасының жай-күйіне Алматы облысының 3 іргелес аудандарындағы газдандырылмаған өңірлердің шығарындылары теріс әсер етуде.

Биылғы 9 айда ел бойынша атмосфераға 900 мың тоннаға жуық ластаушы зат шықса, соның 31,9 мың тоннасы Алматы үлесінде. 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ел бойынша шығарындылар 18% төмен (1,1 млн тонна), Алматыда 28,4% төмен (44,6 мың тонна).

Сондай-ақ С.Брекешев қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар кешені алматылықтардың пікірлерін ескере отырып жасалғанын атап өтті. Осы орайда, қаладағы экожүйені бақылау бекеттерінің саны 16-дан 40-қа дейін артты. Барлық жаңа бекеттерді қоғамдық ұйымдардың күштері ұйымдастырып, Қазгидрометтің бірыңғай мониторинг желісіне біріктірілді (11 бекет – Эко сарапшы, 10 датчик – Павел Плотицын, 3 бекет – Скаймакс). Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігі Азия даму банкінің көмегімен Қазгидрометтің AirKZ мобильдік қосымшасымен интеграцияланған тағы 50 датчик орнатады.

Алматы әкімдігі дизельді қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салды. Қазірдің өзінде 827 электр және газ автобустары сатып алынды. Осы жылдың соңына дейін экологиялық таза қоғамдық көліктің жалпы саны 40% құрайтын болады. Ал 5 жыл ішінде қалалық көлікті толығымен газ бен электр энергиясына ауыстыру жоспарлануда.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz