Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ғарыштық мониторинг: Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс орны анықталды

Талдықорған қаласында заңсыз төгілген қоқыс орындары үлкен проблемаға айнала бастады. Тек облыс аймағында спутниктік навигация көмегімен осындай 400-ге жуық қоқыс тіркелді, деп хабарлайды AlatauNews.kz тілшісі.

07.06.2022
Жаңалықтар

Нақтырақ айтсақ, заңсыз полигондар саны 381,  соның 132-сі облыс орталығында. Көбісі тұрғындардың жөндеу жұмыстарынан қалған және тұрмыстық қалдықтар. Мамандар ендігі уақытта қоқыс алаңдарын ғарыштан бақылау тоқтатылмайтынын ескертеді.

Экологтардың сөзінше, бүгінге дейін коммуналдық кәсіпорындар 7 заңсыз қоқыс алаңын тазалаған. Алайда бұл жерлер бұған дейін де бірнеше рет тазаланған. Ұдайы бақылаудың жоқтығынан тұрғындар қайта ластауды доғармай отырса керек.

«Қала сыртындағы аймақта бейнебақылау жоқ. Сәйкесінше, жылдың басында тазаланған жер қайта ластанып жатыр. Осылай қоқыс лақтыра берген адамдарды жауапкершілікке тарту керек», – дейді қала тұрғыны Мадина  Маратқызы.

Қазір мұндай заң бұзушылық үшін 100 АЕК (306 300 теңге) айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері қала бойынша 59 лауазымды тұлғаға 4 млн теңгеден астам айыппұл салған. Алайда, айыппұл да адамдардың бұл әрекетін тоқтата алмай отыр.

Айта кетсек, облыста санитарлық талаптарға сай келетін арнайы 14 қоқыс полигоны бар. Біреуі Талдықорған қаласында орналасқан.

Мади Сайдильдин

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz