Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев әрбір үйге көк байрағымызды ілуге шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туын әрбір үйде ілуге үндеді.

22.10.2022
Саясат

«Біз домбыраға әр қазақтың төрінен орын бар дейміз. Бұл — дұрыс. Сол сияқты еліміздің әр отбасында көк байрағымыз тұрса, өте жарасымды болатыны сөзсіз. Біздің туымызда халқымыздың бүкіл рухы көрініс тапқан. Оған елдің терең тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, бір сөзбен айтқанда, ұлт құндылықтарының барлығы сыйып тұр», — деді мемлекет басшысы Ақордада өткен жиында.

Осы орайда мемлекет мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілгенін еске салды.

«Әрбір азаматымыз қастерлі Отанымызға деген сүйіспеншілігін мемлекеттік рәміздерге құрметі арқылы көрсете алады. Қазір байрағымызды қоғамдық жерлерде және жекеменшік орындарда қоюға еш тыйым жоқ», — деп атап көрсетті Тоқаев.

Ақордадағы жиынға түркістандық Мұхамед Қансейіт те шақырылды. Ол шілде айында болған өрт кезінде шатырға шығып, Туды алып шыққан.

«Мен бүгінгі салтанатты жиынға түркістандық Мұхамед Қансейітті арнайы шақырдым. Ол қауіп-қатерге қарамастан, Туымызды және Елтаңбамызды өрттен аман алып шықты. Осындай азаматтардың арқасында біздің мемлекеттілігіміздің тұғыры нығая түседі. Біз оларды жастарға үлгі-өнеге етуіміз керек», — деді Тоқаев.

Тегтер: көк туҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Лесной фонд в Алматинской области расширяется

Николай Иващенко
20.04.2026

В Конаеве завершён первый этап биологической обработки деревьев

Николай Иващенко
20.04.2026

Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования в связи с кончиной Мухтара Шаханова 

Николай Иващенко
20.04.2026

Новый праздник появился в Казахстане

Николай Иващенко
20.04.2026

Спасательная операция на высоте 3300 метров

Николай Иващенко
20.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz