«Саясаткерлер дауласқанда дін қайраткерлері олардың талпынысымен бір-біріне жақындай түседі. Оған қарама-қарсы әрекет етеді. Бүгін дін көшбасшыларының диалогы өтіп жатыр. Ол адамзат баласына қазіргі текетірес ахуалынан шығу жолын көрсете алады», — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы дін көшбасшыларының мұндай ауқымдағы диалогы бейбітшілікке қол жеткізу бастамаларын қалыптастыруға көмектесе алатындығын баса айтты.
«Бұл әлемнің бүкіл өңіріндегі жанжалды шешу үшін өте міндетті саналады. Дін көшбасшылары адамзат ар-ожданының қорғаушысы. Сондықтан сіздерден басқа кім бізге өзара сенімге, қайырымдылық пен бейбітшілікке бастар жолды көрсете алады. Бүгінде адамзатқа қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құру үшін бұрын-соңды болып көрмеген ынтымақтастық қажет. Бізге бейбітшілік үшін жаңа жаһандық қозғалысы қажет. Және де, бұл мәселеде жаһандық көшбасшылардың рөлі өте маңызды екеніне сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.