2022 жылы Жамбыл ауданының 1094 тұрғынын жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жоспарланғанын хабарлады. Бұл жоспарды дамытуға бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінеді.
Ауданда 661,1 млн теңгеге 9,8 мың ауыл тұрғындары әлеуметтік көмек алады. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы дерек бойынша 8,4 мың адам 224,6 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек алған.
Білім беру саласына келетін болсақ, облыс бойынша барлығы 20 мектептің құрылысы жүргізілуде, 21 мектепке күрделі жөндеу жоспарланған. Негізгі міндеттердің бірі облыстың 54 мектебінде үш ауысымды оқытуды жою болып табылады, олардың 10-ы Жамбыл ауданында орналасқан. Әкім атап өткендей, ауданда 18 педагог жетіспейді.
Сондай-ақ, емхана құрылысы да жоспарланған. «Жобаның қымбаттауына байланысты Ұзынағаш ауылында емхана салу бойынша жобалық-сметалық түзету жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, медициналық орталық 250 науқасқа есептелген. Жобаның құны 3,2 млрд теңгені құрайды», — деді әкім.
Айта кету керек, 2024 жылға дейін Тарғап және Қарақастек ауылдарында спорт кешендерін салуға 3,4 млрд теңге бөлінеді.