Қор құрылтайшыларының бірі Гүлмира Қапенованың айтуынша, өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде жиналатын қаржы қоры БАҚ-та ашық, әрі тұрақты есеп жүргізу үшін құрылды.
«Бүгінгі күнге бұл жалғыз қор емес. Жеке құрылған қорлар көп. Сондықтан Әулиекөл және Қарасу аудандарындағы өрттің салдарынан туған проблемаларды шешу үшін осылай біріңғай негізгі қор құруды жөн санадық. Бір жағынан әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қаржының көлемі жарияланып, ашық есеп болады», — деп атап өтті Гүлмира Қапенова.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы, сондай-ақ қор құрылтайшыларының бірі Батырбек Ахметовтің айтуынша, 7 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша таңертең қорға 491 млн 614 мың теңге түскен.
«Қордағы ақша үш бағыт бойынша жұмсалады. Бірінші кезекте орман өрттерінен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Олардың мәселелері шешілгеннен кейін ғана ауданның инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмек бағытталады. Одан кейін (егер қаражат қалса) – орман қорын қалпына келтіру, көгалдандыру жұмысы қолға алынады», — деді Гүлмира Қапенова.