Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегациясын қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

06.09.2022
Саясат

Мемлекет басшысы Германия Үкіметі мен бизнесі өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, еліміз энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау сияқты негізгі салалар бойынша серіктестікті тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Үкімет 800 әлеуетті инвестициялық жобадан құралған жобалар пулын әзірледі. Сондай-ақ Қазақстан Германия компанияларын елімізге тарту үшін қолайлы жағдай жасауға дайын.

«Германия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы ең маңызды серіктесі. Қазақстанда Германия капиталының үлесі бар 600-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Сауда-саттықты арттырып, инвестиция көлемін ұлғайту үшін мол әлеует бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент Германияның техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлау тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, Қазақстан отандық мамандардың деңгейін көтеру үшін Германияның техникалық институттары өкілдіктерін, зертханаларын, ғылыми және құзырет орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Делегация басшысы Қазақстан мен Германияның үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Доминик Шнихельс екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдары арасындағы іс-әрекет деңгейіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ ол германиялық компаниялармен жұмыс істейтін Үкіметтегі арнаулы топтың тиімділігін атап өтті.

Делегация өкілдері неміс бизнесі Транскаспий көлік дәлізін дамытуға, кен орындарын игеруге және энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдіретінін жеткізді.

Тегтер: Қасым-Жомарт ТоқаевПрезидент

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz