Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Тоқаев орман өрттерінен зардап шеккен Қостанай облысына барады

Президент табиғи өрттерді сөндіру жұмыстарының барысымен танысу үшін өңірге барады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

05.09.2022
Жаңалықтар, Саясат

Бұған дейін, 5 қыркүйекке Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған еді. Төтенше жағдайға байланысты мерейтой кейінге қалдырылды.

Алдағы жұмыс сапары барысында Президент жедел штабқа барып, табиғи өрттерді жою бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр.

Жалпы өңірдегі жағдай бақылауға алынды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел штаб апатты жоюға жұмылдырылған барлық органдардың іс-қимылын үйлестіріп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше кешкісін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың, ТЖМ министрі Юрий Ильиннің және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт ауданындағы жағдай туралы баяндамаларын тыңдады.

Барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу және Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов жүзеге асырады. Олар Мемлекет басшысына өрттерді оқшаулау, азаматтарды елдімекендерден қауіпсіз жерге көшіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жедел баяндап отырады.

Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрт сөндіру шараларына басым назар аударуды тапсырды.

Үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу тапсырылды.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz