Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Панфилов ауданында 300 орынды жаңа мектеп ашылды

Шекара шебіндегі Панфилов ауданы, Басқұншы ауылында мереке қарсаңында жаңа мектеп ашылды. 2021 жылдың мамыр айында басталған білім ордасын салуға 1 млрд 470 мың тг бөлінген, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

30.08.2022
Аймақ
Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

3180,42 шаршы метр аумақты алып жатқан нысан үш қабатты және екі корпусында арнайы лифтер орнатылған. Заманауи техникамен жабдықталған мектепте химия-физика және информатика кабинеттері, ұлдар мен қыздарға арналған технология сыныптары бар. 84 адамға шақталған акт залы, басқа да қажетті материалдық базамен толықтай қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мектеп ауласында футбол алаңы, жүгіру жолақтары мен волейбол, баскетбол сынды спорттық алаңқайлар орнатылған.

«Біздің бұрынғы мектебіміз 180 орынды әрі өте ескі болатын. Балалар сыймай, оқуына кедергі келетін. Спорт зал, басқа да жағдайлар жасалмаған. Міне, енді аудандағы ең жаңа, керемет мектеп бізде. Өте қуаныштымыз», — дейді ауыл тұрғыны Руслан Мұстапаев.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Басқұншы ауылында 53 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында бұдан бөлек Сарыбел ауылындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. 732 млн теңге бөлінген мектеп толыққанды материалдық базамен жаңартылып, мектеп ауласы спорттық алаңдармен толықтырылды. Бұдан бөлек бірнеше мектептер жаңадан салынып жатыр», — деді әкім Марат Сағымбек.

Жалпы Панфилов ауданында 50 мектеп бар. Биыл өңірде 26 548 бала мектепке барса, солардың 2 900-ы жаңа мектеп табалдырығын аттағандар.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 of 7
- +
Тегтер: жаңа мектепПанфилов ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz