2026 жылғы 20 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйдің шатыры толығымен отқа оранған. Сондай-ақ төбе жабындысының бір бөлігі опырылып түскен.
«Құтқарушылар дереу өрт сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында сыйымдылығы 50 және 25 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды», – делінген ведомство хабарламасында.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.





