Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында мемлекеттік тілдің ел бірлігін бекемдеудегі рөліне тоқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақ тілін өзге тілдерге қарсы қоюға болмайтынын айтып, тіл мәселесін пайдаланып, қоғамда жанжал туғызуға тырысқандарды жауапкершілікке тарту қажет екенін мәлімдеді.

«Мен Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында ел бірлігін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл екенін нақты айттым. Дегенмен мына нәрсені есте ұстаған абзал: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес. Басқаша айтқанда, ана тілімізді басқа тілдерге қарсы қоюға мүлдем болмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент тіл мәселесін арандату мақсатында пайдаланатындардың әрекетіне де тоқталды.

«Тілдерді пайдаланып, қоғамдық жанталас, жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істермен айналысып жүр. Сондықтан оларды „Заң мен тәртіп» қағидасына сәйкес жауапкершілікке тарту керек. Осы жерде тағы да қайталап айтқым келеді: кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ел ішіндегі ынтымақты нығайтуымен қатар әлем жұртшылығы үшін де тартымды тілге айналуы маңызды екенін айтты.

«Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә. Оның салдарын өз көзімізбен көріп жатырмыз. Біз қазақ тілін ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дамытуымыз керек. Ана тіліміз жаһан жұртшылығына тартымды тіл болуы керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы азаматтарды бір-біріне құрметпен қарап, елдің тұтастығын сақтауға шақырды.

«Біртұтас халқымызды бөліп-жаруға мүлдем болмайды. Өз тұтастығын сақтай алмаған халық басқаларға үлгі-өнеге көрсете алмайды, басқа елдердің құрметіне ешқашан ие болмайды. „Бірлік бар жерде тірлік бар», бұл – өмірдің талай сынағынан өткен ақиқат. Біз бір-бірімізге құрмет көрсетіп, өзара сыйластықпен қарап, ынтымағымызды нығайта беруіміз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

AUYL SPORT–2026: Алматы облысының спортшылары бес алтын жеңіп алды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz