Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында спортшы жастар мен жаттықтырушылардың қатысуымен экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиында деструктивті діни ағымдардың жастарға ықпалы, интернет арқылы радикалды идеологияның таралуы және оның алдын алу жолдары талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026
Жаңалықтар

Қонаев қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты – спортшы жастардың діни және ақпараттық сауаттылығын арттыру, оларды теріс идеологиялық ықпалдан қорғау және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

Іс-шараға облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Руслан Сәрсембаев қатысып, жастарды радикалды діни ұйымдарға тартудың заманауи тәсілдері туралы баяндады. Сарапшы әсіресе интернет пен әлеуметтік желілерде таралатын деструктивті мазмұндағы ақпараттардың қауіптілігіне тоқталды.

Оның түсіндіруінше, радикалды идеологияны таратушылар жастардың сеніміне кіру үшін түрлі психологиялық ықпал ету әдістерін қолданады. Сондықтан әлеуметтік желілердегі ақпаратты саралап, күмәнді діни насихатқа сын көзбен қарау және ақпарат көздерінің сенімділігін тексеру маңызды.

Кездесу барысында жастардың радикалды көзқарастардың ықпалына түсуінің алдын алуда жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Өйткені жаттықтырушы жас спортшының физикалық дайындығына ғана емес, оның тұлғалық қалыптасуына, дүниетанымы мен өмірлік ұстанымдарының дамуына да ықпал етеді.

Осы орайда спорттық тәрбие мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығын сақтау мәселесі көтерілді. Қатысушылар жастардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп пен өзара құрмет қағидаттарын қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар спорттағы жетістіктер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың сыни ойлау қабілетін дамыту және олардың теріс діни ағымдардың ықпалына қарсы тұру дағдыларын нығайту қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысында экстремистік ұйымдардың қызметіне азаматтардың тартылуына жол бермеу, күмәнді ақпараттарға сақтықпен қарау және терроризм қаупіне қарсы қоғамдық қырағылықты арттыру мәселелеріне басымдық берілді.

Мұндай түсіндіру жұмыстары спортшы жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда экстремизм мен терроризмге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

2035 жылға дейін Қазақстанда алғашқы екі АЭС құрылысы аяқталады

Акжаркын
04.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz