Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Alatau City: Лондонда 1,3 млрд долларлық келісімдер жасалды

Лондонда Alatau City қаласын дамытуға арналған халықаралық инвестициялық кездесу өтті. Оның қорытындысы бойынша жалпы инвестициялық әлеуеті 1,3 млрд АҚШ долларын құрайтын тоғыз келісімге қол қойылды. Жаңа қаланың инвестициялық мүмкіндіктерін талқылауға әлемнің 70-тен астам ірі компаниясы, банкі мен инвестициялық қорының өкілдері қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026
Жаңалықтар

Қазақстанның жаңа қаласын халықаралық инвесторларға таныстыру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге JPMorgan Chase, AstraZeneca, BP және Brookfield Asset Management секілді әлемдік компаниялардың өкілдері жиналды. Кездесуде Alatau City қаласының даму тұжырымдамасы, инвестициялық әлеуеті және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері таныстырылды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Лондонда инвестициялық роуд-шоудың басталуы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Alatau City – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоба. Біз Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық байланысты нығайтатын бизнес, қаржы, технология және логистика орталығын құрып жатырмыз», – деді Қанат Бозымбаев.

Кездесу барысында «Alatau City Authority» арнайы басқару ұйымының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров инвесторларға қаланың даму жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, заманауи көлік және инженерлік инфрақұрылым салу, өнеркәсіптік, іскерлік және логистикалық аймақтарды қалыптастыру бағытындағы жобаларға тоқталды.

Alatau City жобасының басты ерекшеліктерінің бірі – шетелдік инвесторларға қолайлы құқықтық орта қалыптастыру. 2026 жылғы 8 мамырдағы конституциялық заңға сәйкес, қала аумағында Англия мен Уэльс құқығының қағидаттарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл тетік халықаралық инвестицияларды қорғауға, бизнес жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге және шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Лондонда өткен кездесуде халықаралық заңгерлік компаниялардың қатысуымен инвестиция тартудың құқықтық тетіктері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, халықаралық төрелік және коммерциялық дауларды шешу мәселелері де талқыланды.

Инвестициялық келіссөздер тек өнеркәсіп пен инфрақұрылым салаларын ғана қамтыған жоқ. Халықаралық серіктестермен білім беру және денсаулық сақтау бағытындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де қарастырылды.

Атап айтқанда, University of Exeter, Brighton College және Repton Group ұйымдарымен Alatau City аумағында білім беру мекемелерін ашу мүмкіндіктері пысықталмақ.

Ал AstraZeneca және Crescent Meditours компанияларымен медициналық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және ғылыми тәжірибе алмасу бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Alatau City қаласының инвестициялық портфелінде жалпы құны шамамен 6,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 67 жоба бар. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 55 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Сонымен қатар жаңа қаланың инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, электр энергиясымен, сумен және газбен жабдықтау, кәріз жүйелерін салу және автомобиль жолдарын дамыту бағытында 28 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл мақсатқа 35,3 млрд теңге бөлінген.

Лондонда өткен инвестициялық кездесудің қорытындысы бойынша қол қойылған тоғыз келісім инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын дамытуды және халықаралық іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуді қамтиды.

Осылайша, Alatau City жобасын халықаралық деңгейде таныстыру жаңа қалаға шетелдік капитал мен озық технологияларды тартуға, сондай-ақ Алматы облысының инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

2035 жылға дейін Қазақстанда алғашқы екі АЭС құрылысы аяқталады

Акжаркын
04.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz