Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Республика күні қарсаңында Қонаевта 3 мың ағаш отырғызылды

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Республика күніне орай ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қаланың жасыл желек қорын ұлғайту мақсатында көшелер мен күре жол бойына 3 мың ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, 350 қап қоқыс жиналды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2026
Жаңалықтар

Қонаев қаласында қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Биылғы күзгі көгалдандыру науқаны Республика күнімен тұспа-тұс келіп, қала аумағында мыңдаған көшет отырғызылды. Атап айтқанда, Индустриальная және Қонаев көшелерінің бойына, сондай-ақ Алматы – Өскемен республикалық маңызы бар автомобиль жолының маңына жалпы саны 3 мың ағаш егілді.

Көгалдандыру жұмыстары барысында жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген акация мен арша көшеттеріне басымдық берілді. Бұл ағаш түрлері қала аумағындағы жасыл желек көлемін арттыруға және қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Қонаев қаласында көгалдандыру жұмыстары жалғасып, жеміс ағаштарын отырғызу да жоспарланып отыр.

Республика күні қарсаңында Қонаевта ағаш отырғызумен қатар, қоршаған ортаны тазарту жұмыстары да ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаланың саяжай аумағы мен Қарлығаш шағынауданында ауқымды сенбілік өтті.

Экологиялық шараға 250 адам қатысып, белгіленген аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартуға атсалысты. Нәтижесінде 350 қап қоқыс жиналды.

Мұндай шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауына және қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Республика күніне орай 250-ге жуық іс-шара өтіп, 28 жаңа нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Президент Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Республика күні қарсаңында Қонаевта 3 мың ағаш отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2026

Қарасай ауданында 51 шақырымдық жаңа су құбыры пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz